Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз Әділбек Ниязымбетов өзінің финалдық жекпе-жегінде жеңіліс тауып, күміс жүлдені місе тұтты.
Үш раундтық кездесуде төрешілер жеңісті бірауыздан кубалық Хулио Сесар Ла Крусқа берді. Қорытынды есеп – 3:0 (30-27,30-27, 30-27). Осылайша, жерлесіміз екі жыл қатарынан Олимпиаданың күміс жүлдесіне ие болып отыр. Нәтижесінде Әділбек Болат Жұмаділов ағасының жетістігін қайталады. Жұмаділов 51 келі салмақ дәрежесінде Атланта және Сидней Олимпиадасының финалында өнер көрсеткен.
Ұлт порталы