07 қаз, 2021 сағат 18:40

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы Абдулразак Гурнаға берілді


2021 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы Ұлыбританияда тұратын танзаниялық жазушы Абдулразак Гурнаға берілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Швеция Корольдік Ғылым Академиясының Нобель комитеті белгілі қаламгер Абдулразак Гурнаның 2021 жылы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын "Мәдениеттер мен континенттер иіріміндегі отаршылдық пен босқындар тағдырын ымырасыз һәм жанашырлықпен суреттегені үшін" алғанын мәлімдеді.

Абдулразак Гурна 1948 жылы Занзибар аралында дүниеге келген. Шығыс Африкадағы отаршылдық пен қоғам туралы романдар жазған.