12 қаз, 2018 сағат 17:35

«Әдеби өлкетану» жобасы аясындағы Қызылорда сапары


Қазақстан Жазушылар одағының  тағы бір  ауқымды жобаларының бірі – «Əдеби өлкетану».

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Президенті Əкімшілігінің қолдауымен жүзеге асқан  жоба негізінде әр өңірден арнайы шығармашылық топтар құрылып, белгіленген кесте-жоспар бойынша облыс-аудандарға әдеби экспедициялар ұйымдастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көркем шығарма жазады.

 Республикамыздың барлық өңірлерінен құрылған шығармашылық топтардың қатарында Қызылорда облысына ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,  ақын, драматург Иран Ғайып және ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мырзан Кенжебай мен белгілі ақын, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Динара Мәлік барады.

«Әдеби өлкетану|Сыр ғажайыптары» атты көне және жаңа әдеби шығармаларды жинақтау, зерттеу жобасының негізінде Алматыдан Қызылордаға жол тартқан қаламгерлер:

- жалпыұлттық деңгейде жарияланбаған әдеби және рухани мұралар объектілерін;

-  тәуелсіздік алған жылдардан бастап жергілікті жердегі оң үрдістерді және даму бағытындағы жоғары көрсеткіштерді;

- жергілікті жердегі әлеуметтік мәселелерді шешуге айтарлықтай үлесін қосқан тәжірибелі, жетістікке жеткен жеке тұлғаларды «Жаңа есімдерді»;

- жергілікті жердегі жер-су атауларының шығу тарихын;

- «Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жұмыстардың әдеби картасын» жасаумен айналысады.

Гүлзия Бағдатқызы