Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шыққандар қатарына тағы бір қазақстандық қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
63,5 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Санатәлі Төлтаев 1/8 кезеңде украиналық Денис Песоцкиймен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Санатәлінің сыңары Саматәлі Төлтаев та (60 келі) әлем біріншілігінің ширек финалына жолдама алған болатын.
Сондай-ақ, бүгін Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов, Нұрқанат Райыс (75 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі) ширек финалға жолдама алды.