Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан командасының тағы бір өкілі жеңіліс тапты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Жақыпов италиялық Сальваторе Каваллароға жол берді. Есеп - 2:3.
Бұған дейін Саматәлі Төлтаев (60 келі) франциялық боксшыдан ұтылып, жүлдеге жақын қалғанда сүрінген еді.
Ал, ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабыржан (51 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі) ширек финалдан өтіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.