1 қыркүйек күні Қазақстанның ұлттық құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында Украинамен кездеспек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olimpic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоаралық комиссия мен Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Ashyq қосымшасын қолдану арқылы стадионның 30 пайызын көрермендермен толтыруға рұқсат етілді.
Ол үшін Ashyq қосымшасын жүктеп алып, алдын ала өзіңіздің мәртебеңізді біліп алғаныңыз жөн. Жанкүйерлерді стадионда орналастыру әлеуметтік арақашықты сақтай отырып жүргізіледі, сонымен қатар медициналық масканың болуы талап етіледі.