Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Белградта өтіп жатқан чемпионатта Жүсіпов 67 келіде бақ сынауда. Ол екінші айналымда Венесуэла спортшысы Кристиан Паласионы 5:0 есебімен ұтты.
Ал бұған дейін Тайбэйден келген Ю Линьнің осал тұсын тапқан.
Айта кетерлігі, Гурген Мадоян (Армения) мен Дамиан Дуркач (Польша) жұбының жеңімпазы ұлттық құрама капитанының келесі айналымдағы қарсыласы атанады.
Қазақстандық боксшы 1997 жылы Қарағанды облысы Абай қаласында дүниеге келген. 2017, 2019 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, 2017 жылы Азия чемпионатында күміс медаль иегері болды. Ол Олимпиада ойындарына қатысқан.