Фото: Pexels.com
Абай облысына қарасты Аягөз ауданында жылу беру жүйесінде ақау орын алып, 16 қазан күні сағат 15:00-де желіде Д159 клапаны істен шыққан. Алайда қазандықтардың жұмысы тоқтаған жоқ, деп хабарлайды Kazinform ХАА.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, ақау сағат 16:00-де толық жойылып, жылу параметрлері қалпына келтірілді. Қазір жылу желілерін тарту жұмыстары толығымен аяқталып, магистральды траншеяларды толтыру шаралары жүргізілуде. Барлық нысандарға жылу толық берілген.
Еске сала кетсек, Аягөзде әлеуметтік нысандар 5 қазанда орталық жылу жүйесіне қосылса, тұрғын үйлерге жылу 15 қазанда берілген болатын.
Сонымен қатар, бұған дейін Саран қаласының тұрғындары да жылу жүйесіндегі ақауға байланысты 4 күн бойы жылусыз қалған еді.