Фото: ҚР ДСМ
Абай облысының Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен екі баланы елордаға жеткізу үшін санитариялық авиация борты Астанаға аттанды. Балалар №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жатқызылады, деп хабарлайды Ult.kz.
Ұшақта балаларға жол бойы көмек көрсету үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының реаниматологы, №2 балалар ауруханасының травматологы және Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургы бар дәрігерлер бригадасы ілесіп жүр.
Зардап шеккендерге алдын ала аудандық ауруханада облыстық және республикалық мамандардан құралған арнайы топ тексеріс жүргізіп, емдеу жоспарын жасаған.
Дегенмен тоғыз жасар қыздың жағдайы тұрақсыз болғандықтан, ол Абай облысының бас анестезиолог-реаниматологының бақылауында стационарда қалдырылды.
Айта кетейік, Абай облысында көлік жүргізушісі аулада ойнап жүрген балаларды қағып кеткенін жазғанбыз. Нәтижесінде 3 бала қаза тауып, 3 бала жарақат алды.
