Фото: Polisia.kz
Қалың қар, боран, жаңбыр аралас қар және одан кейінгі ауа температурасының төмендеуі жол жағдайының нашарлауына әкеп соқты, деп хабарлайды Ult.kz.
Жол-көлік оқиғаларының, кептелістің алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы автожолдардың жекелеген учаскелерінде барлық көлік түрі үшін (жол қызметтерінің арнайы техникасынан басқа) қозғалыс уақытша жабылды.
Полиция жүргізушілерді аса қажеттілік болмаса, жолға шықпауға, бағытты алдын ала жоспарлауға және ауа райы жақсарғанын күтуге шақырады. Боран мен көктайғақ кезінде тіпті қысқа сапардың өзі қауіпті болуы мүмкін.
