Семей қаласында ұлы Абай тұрған Жидебай елді мекенінің халықаралық атласы жасалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Абай атындағы мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Тұрдықұл Шаңбайдың айтуынша, атлас ақынның 175 жылдығына орай Абай академиясымен бірлесіп әзірленеді және үш тілде басып шығарылады.
«Жидебай аумағы - 6 мың 400 гектар. Атласты құру мақсатында дарынды фотографтарды жинадым. Басылымда Жидебайдың флора, фауна, ландшафты, биоалуантүрлілігі мен тарихи жерлері көрсетіледі», - деп атап өтті Т.Шаңбай.
Еске сала кетсек, Жидебай жерінде Абайдың мұражай үйі мен кесенесі орналасқан.