Фото: ашық дереккөз
Камерунда наразылық басталды: Себеп - 92 жастағы Поль Бийя Камерун президенті болып сегізінші рет сайланды, ол 53,66% дауыс жинады, деп хабарлайды Ult.kz.
Ол елді 1982 жылдан бері басқарып келеді. Бийя — әлемдегі ең жасы үлкен мемлекет басшысы.
Бұл президенттік мерзімінің соңында оның жасы жүзге таяйды. Президент Бийяға оппозиция қарсы шықты. БАҚ хабарына сенсек, митинг күш алып жатыр.
