11 қар, 2021 сағат 14:10

81 жастағы қазақстандық жиһанкез велосипедін музейге тарту етті


Әлемнің біраз елін велосипедпен аралаған жиһанкез Кеңесбек Сейдімбек Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейіне құнды жәдігер тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

65 жыл бойы жанына серік еткен велосипедін музейіне тапсырып, пікір кітабына естелік қалдырды. 

Айта кетерлігі, қорға өткізілген велосипедпен спортшы бұған дейін қасиетті Мекке мен Мәдинаға, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан елдеріне барған. Енді бұл велосипед құнды жәдігер ретінде жұртшылық назарына ұсынылатын болды. 

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылған шара барысында музей ұжымы 81 жастағы атақты саяхатшыға құрмет көрсетті.