04 қыр, 2024 сағат 11:27

7 пайыздық ипотека сирек берілетін болды

Фото: pexels.com

Тамыз айында "7-20-25" бағдарламасы аясында ипотеканы небәрі 400-ден астам қазақстандық ала алды. Берілген несиелердің жартысынан көбі Астана мен Алматыға тиесілі болды. Бұл туралы Ұлттық банк есебіне сілтеме жасаған "Ұлт ақпарат".

"7-20-25" жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы Қазақстанда өз жұмысын жалғастыруда. Дегенмен, соңғы айда жаңа кредиттердің берілу қарқыны айтарлықтай төмендеді. Егер шілде айында 723 қазақстандық тұрғын үй несиесін рәсімдесе, тамыз айында Ұлттық банк мәліметтері бойынша, олардың саны небәрі 462 адамды құрады.

Тамыз айында Астанаға 193 несие, Алматыға 135 несие, ал Шымкентке небәрі 26 несие тиесілі болды. Қалған 108 ипотекалық несие Қазақстанның басқа аймақтарында рәсімделді.

28 тамыздағы жағдай бойынша "7-20-25" бағдарламасы аясында жалпы сомасы 1,043 трлн теңгеге 75 805 ипотека берілді: Астанада – 438,4 млрд теңгеге 27 608 несие; Алматыда – 243,7 млрд теңгеге 15 526 несие; Шымкентте – 70,9 млрд теңгеге 5 608 несие; басқа аймақтарда – 290 млрд теңгеге 27 063 несие.

Қоса кетейік, 7-20-25 бағдарламасы қазіргі кезеңде төмен проценттік мөлшерлемемен тиімді ипотекалық бағдарлама - 7% (ЖТСМ - 7,2%) болып табылады, алғашқы төлем мөлшері тұрғын үй құнының 20% мөлшерінде анықталады (тұрғын үйдің максималды құны) – Астана, Алматы (қала маңындағы аудандарды қоса алғанда), Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларына - 25 млн. теңге, Қарағанды қаласы үшін - 20 млн. теңге және басқа өңірлер үшін - 15 млн. теңге, қарызды жабу мерзімі 25 жылға дейін ұлғайтылды. Қарыз алушыдан қарызды ұсынғаны және қызмет көрсеткені үшін ешқандай комиссия алынбайды.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін жеке тұлға келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • - Қазақстан Республикасының азаматтығы;
    - Меншік құқығымен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйдің болмауы;
    - Кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірістің болуы;
    - Ипотекалық кредиттері жоқ;