05 қыр, 2020 сағат 15:56

7 қыркүйектен бастап банктер қалай жұмыс істейді?

«Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістер жарияланды, деп хабарлады "Ұлт ақпарат".

Бұйрыққа сәйкес, 2020 жылғы 7 қыркүйектен бастап өндірістік қажеттілік болған кезде филиалдың штат санының кемінде 30% қызметкері қашықтан жұмыс істеу нысанына ауыса алатын екінші деңгейдегі банктердің филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50% қызметкерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етуі керек. 

«Жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін белгіленетін екінші деңгейдегі банктерді және қызметін Ұлттық банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның негізінде айырбастау пункттері ғана арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін белгілесін», - делінген құжатта. 

Сонымен қатар бұйрықта қызметтерді барынша онлайн-режимде көрсетуді қамтамасыз ету керектігі аталып өткен. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді