03 жел, 2019 сағат 10:28

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 148,4 млрд теңге несие мақұлданды

7-20-25 бағдарламасы аясында 22 094 несие алуға өтініш қабылданды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«7-20-25 бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 28 қарашадағы жағдай бойынша 249,7 млрд теңге сомасына 22 094 өтінім қабылданды. Оның ішінде 148,4 млрд теңге несиеге 12 955 өтінім мақұлданды» делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.

Еске салайық, 7-20-25 бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматтары ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 7%-ды құрайды. Ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарна - 20% бастап. Несие мерзімі - 25 жыл.