05 ақп, 2024 сағат 14:55

"7-20-25" бағдарламасы аясында 978, 4 млрд теңге қарыз берілді


© Photo : Акимат Жетысуской области

1 ақпандағы жағдай бойынша "7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 978, 4 млрд теңгеге қарыз берілді, деп хабарлады Ұлттық банк.

Бұл қарызды алу үшін жалпы 71 952 өтініш түскен.

Астана қаласынан 25 925 өтініш түсіп, 408 млрд теңгеден астам қарыз берілген.

"Ал Алматы қаласы 14 542 өтініш түскен. 226 млрд теңгеге жуық қарыз берілді. Ал Шымкент қаласынан 5 374 өтініш түсіп, 66,7 млрд теңге бөлінген", - дейді ведомство.