04 мам, 2024 сағат 11:41

7-20-25 бағдарламасы аясында 1 трлн теңгеден астам сомаға ипотека берілді


Ұлттық банктің хабарлауынша, «7-20-25» бағдарламасы аясында 73 811 қарыз берілген. 

2 мамырдағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1 трлн теңгеден астам сомаға 73 811 қарыз берілді.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ + 7 (727) 227-20-25 нөміріне хабарласуға болады.

Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.