"7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1026 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша қарыз алуға 18,6 млрд. теңге сомасына 1586 өтініш қабылданды. Оның ішінде 11,9 млрд. теңге сомасына қарыз беруге 1026 өтініш мақұлданды. Барлығы 5,1 млрд. теңге сомасына 441 қарыз берілді", - деп мəлімдеді Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
Айта кетерлігі, «7-20-25» бағдарламасы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінде айтылған бірінші әлеуметтік бастаманы іске асыру аясында әзірленді.