06 там, 2024 сағат 10:58

6 тамызда Олимпиадада қазақстандық спортшылар қай уақытта сайысқа түседі

Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасында 6 тамыз, сейсенбі күні қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, грек-рим күресі, құзға өрмелеу және бокс секілді 5 жарыс түрінен бақ сынайды.

Жеңіл атлетика
13:50. Кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру. Ерлер. Жұбаныш кезеңі. Давид Ефремов
00:14. 3 шақырымға жүгіру. Әйелдер. Финал. Нора Джеруто
00:40. 200 метрге жүгіру. Әйелдер. Финал. 

Байдарка мен каноэде есу
14:00. Іріктеу. 17:20. Ширек финал. Марина Бровкова, Руфина Искакова
14:00. Іріктеу. 17:50. Ширек финал. Сергей Емельянов, Тимур Хайдаров
14:30. Іріктеу. 18:30. Сергей Токарницкий, Беарыс Раматулла

Грек-рим күресі
14:00 (Іріктеу), 21:15 (Жартылай финал, финал). Демеу Жадраев (77 келі)

Құзға өрмелеу
16:00. Жылдамдық. Ерлер. Іріктеу. Әмір Маймұратов

Бокс
01:02. 50 келі. Жартылай финал. Назым Қызайбай - Ву Ю (Қытай)

Олимпиадада 5 тамыздағы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.