Фото: Jagdai
34 жастағы ер адамға Алматыда энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынудың салдарынан жүрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды Ult.kz Jagdai телеграм арансына сілтеме жасап.
Ота алғаш рет қалалық кардиологиялық орталықта Астанадан келген дәрігерлермен бірлесіп өткізілді.
Жүрек алмастыру операциясы сәтті өтті, қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты. Ер адам дәрігерлерге алғыс айтып, өзгелерді денсаулыққа ұқыпты қарауға шақырды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, барлық медициналық көмек тегін көрсетілген. Науқас ауруханадан шыққаннан кейін дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады.
