Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Жазғы Олимпиадада 27 шілдеде қазақстандық спортшылардың қатысуымен болатын ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстандықтар спорттың алты түрінен сынға түседі. Олардың қатарында дзюдо, теннис, тхэквондо, су, добы, бокс, суға жүзу бар.
Ойын кестесі төмендегіше түзілген.
08:00 Дзюдо. Ерлер. 81 келі. Дидар Хамза – Саид Моллаи (Моңғолия)
08:00 Тхэквондо. Әйелдер.67 келі. Жансель Дениз – Светлана Осипова (Өзбекстан)
08:00 Теннис. Әйелдер. Жекелей сын. Елена Рыбакина – Донна Векич (Хорватия)
08:00 Теннис. Ерлер. Жекелей сын. Михаил Кукушкин – Илья Ивашко (Беларусь)
09:45 Тхэквондо. Ерлер. 80 келі. Руслан Жапаров – Александр Бахманн (Германия)
11:00 Су добы. Ерлер. Қазақстан – Сербия
14:15 Бокс. Ерлер. 69 келі. Абылайхан Жүсіпов – Деланте Джонсон (АҚШ)
15:51 Бокс. Ерлер. 91 келі. Василий Левит – Эммануэль Рейес Пла (Испания)
16:50 Суға жүзу. Ерлер. 200 метр. Брасс. Дмитрий Баландин.
Айтулы аламанға дүние жүзіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда.
Қазақстандық 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.
Еске салсақ, Токио Олимпиадасы 23 шілдеде басталды. Ол 8 тамызда мәресіне жетеді.
Айта кетсек, үшінші ойын күнінде медальдар кестесінде Қазақстан 40-орында тұр.