26 жел, 2025 сағат 12:34

"24 жастағы мүгедек бауырын зорлаған": Сотталған ағайындылар апелляциялық шағым түсірді


Фото: #Немолчи
Түркістан облысында 3 туған бауыр өздерінің туған мүгедек және дамуы баяу (ЗПРР) бауырын зорлаған деп айыпталып, үкім шыққан. Сот процесін бастапқыда 10 желтоқсанға тағайындаған. Бірақ процесс тоқтап қалды — сотталғандардың адвокаты кенеттен ауырып қалған. 29 желтоқсан — апелляциялық соттың жаңа күні, осыдан кейін үкімнің күшіне енгені белгілі болады, деп хабарлайды Ult.kz #Немолчи қорының әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеме жасап.

8 қазан күні бірінші инстанция соты оларды ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 2-бөлігі 1,4 тармақтары бойынша, сондай-ақ бір сотталушыға қатысты 188-бап бойынша кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айыруға және 5 млн теңге моральдық зиян төлетуге үкім шығарды. Сот отырыстары жабық режимде өтті.

Бауырлардың кінәсін дәлелдейтін қандай материалдар бар?

— Биоматериалдарға жүргізілген генетикалық сараптама
— Куәгерлердің көрсетулері
— НСД (криминалистикалық есептер)

"Ағайындыларды тек сараптамалар олардың қатыстылығын расталғаннан кейін қана уақытша тергеу изоляторына орналастырды. Сараптамалар тек BM Law Group адвокаттары ауылға барып, іске араласқан соң тағайындалды. Адвокаттар pro bono негізде іске араласқан, себебі іс #НеМолчиKZ қоғамдық бастамасына келген еді.
Біз процестің рет-ретімен қалай жүретінін айтып отырмыз. Жүйе көбінесе өзінен әлсіз адамға қатысты зорлық ісін тергеуде қалай жұмыс істейтінін білесіз. Көп жағдайда кейбір қызметкерлер дәлел жинау үшін күш салуға ынталы болмайды. Егер сіз біздің істерді қадағалап отырсаңыз, осы өкінішті фактіні растайсыз.
Бұл іс #НеМолчиKZ үшін өте маңызды: зардап шеккен жас жігіттің отбасын кемсітіп, айыптаған, бірақ адвокаттар мен қоғамдастық қолдау көрсеткенде іс алға жылжып, үкімге жеткен.
Қорғансыз бауырға қорған болудың орнына, олар (сотталушылар) оны аяққа басқан.
29 желтоқсанда ешкім ауырып қалмай, бәрі келіп, сот істің барлық жағдайларын әділ қарауын тілейміз", - деп жазады #Немолчи қоры.