Фото: Andre Weening/BSR Agency/Getty Images
Франциялық Альпі 2030 жылғы қысқы Олимпиаданы қабылдайды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитет хабарлады.
Бұл туралы Парижде өтіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясында белгілі болды.
«Франция президенті Эммануэль Макрон мен басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар 2030 Олимпиада ойынларын қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді. Біз Францияның ғаламат Олимпиада ұйымдастырарына сенеміз», - деді ХОК басшысы Томас Бах.
Айта кетелік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.