07 қаң, 2026 сағат 13:35

2026 жылы қандай ипотекалық бағдарламалар жұмыс істейді?

Фото: ашық дереккөз

Homsters.kz-тің ақпаратынша, биыл ипотека көбінесе нақты әлеуметтік және кәсіби санаттарға бағытталады. Оның өз шарттары бар. Сондай-ақ банктер пайыздық мөлшерлемені жинақ көлеміне қарай кезең-кезеңімен төмендетпек. 

«Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» ипотекасы. Өтінім қабылдау көктемде басталады. «Наурыз» бағдарламасын кеңейту мәселесі талқыланып жатыр.

«7-20-25» бағдарламасы. Биыл бағдарлама аясында қосымша қаржы бөлінбек.

«Ұмай» әйелдер ипотекасы биыл іске қосылуы мүмкін.

«Жасыл ипотека». Ол энергия үнемдейтін, экологиялық талаптарға сай тұрғын үйлерді сатып алуға арналған.

Мамандар 2026 жылғы ипотеканы тиімді алу үшін қазірден  «Отбасы банкте» депозит ашуға, ресми және тұрақты табысты қамтамасыз етуге, несие тарихын тексеруге және бастапқы жарна мен ай сайынғы төлемді алдын ала есептеуге кеңес береді.