Фото: Sputnik.kz
2025 жылдың басынан бері 8 051 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бері Қазақстанға барлығы 1 млн 156 мыңнан астам этникалық қазақ қоныстанған, деп хабарлайды Ult.kz.
Қай елдерден келді?
-
44,2% – Өзбекстаннан
-
43,2% – Қытайдан
-
5% – Түрікменстаннан
-
2,7% – Моңғолиядан
-
2,4% – Ресейден
-
2,5% – басқа елдерден
Қоныстанушылардың 59,1%-ы еңбекке қабілетті жаста. Оның ішінде:
-
15,7% – жоғары білімді,
-
28,1% – кәсіби орта білімді,
-
53,5% – жалпы орта білімді,
-
2,7% – білімі жоқ азаматтар.
Қай өңірлерге қоныстанды?
Қандастар еліміздің барлық өңіріне жайғасып жатыр. Әсіресе еңбек күші тапшы аймақтарға – Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көшуге басымдық берілуде.
2025 жылға осы өңірлерге 2 309 қандасқа квота бөлінсе, 1 тамыздағы жағдай бойынша 1 286 адам көшіп келді.
Қандай көмек көрсетіледі?
-
Көшуге – отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) біржолғы субсидия;
-
Бір жыл ішінде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметке – 15-тен 30 АЕК-ке дейін (59-118 мың теңге) көмек беріледі;
-
Экономикалық ұтқырлық сертификаты арқылы тұрғын үйдің құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін қаржылай қолдау қарастырылған.
Жыл басынан бері 563 қандас мемлекеттік қолдау шараларын алды, олардың 221-і тұрақты жұмысқа орналастырылды.
