15 шіл, 2025 сағат 10:42

2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында экономика 6,2% - ға өсті


Фото: zakon.kz

Осы жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,2% - ға жетті. Бұл туралы сейсенбіде өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің Орынбасары, ҚР Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Алғашқы бес аймен салыстырғанда экономиканың өсуі 0,2% - ға ұлғайды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары және соңғы 12 жылдағы ЖІӨ өсуінің ең жоғары көрсеткіші.

"Жыл соңына дейін біздің алдымызда нақты бағдарлар тұр: экономиканың өсуін 6%-дан кем емес деңгейде ұстау; инфляцияны 10-11%-ға дейін төмендету. Бұл ретте, 2026 жылы инфляция деңгейі 10%-дан төмен болады; шамамен 25 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар тарту; негізгі капиталға инвестициялар көлемін 26 трлн теңгеге дейін жеткізу; шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімге үлесін шамамен 40% деңгейінде қамтамасыз ету.Біз сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі шараларды іске асыруды жалғастырамыз",  - деді Жұманғарин баяндамасында.
Айта кетейі, 15 шілдеде Үкіметте 2025 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды.