23 нау, 2024 сағат 15:55

2023 жылы көліктің барлық түрімен жүк тасымалы 4,4 пайызға ұлғайды


Фото: newscentralasia


2023 жылы көліктің барлық түрімен жүк тасымалы 4,4 пайызға ұлғайды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2023 жылы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көліктің барлық түрімен жүктерді тасымалдаудан ел бюджетіне 4 193 707,5 миллион теңге түсті. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 22 пайызға (2022 жылы – 3 264 416,1 миллион теңге) артық», - делінген министрліктің агенттік сауалына берген жауабында.


Ведомство мәліметінше, көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 4,4 пайызға ұлғайып, 980,7 млн тоннаны құрады. Ал 2022 жылы көліктің барлық түрімен 939,5 млн тонна жүк тасымалданған болатын.


«Бүгінгі таңда жүктерді тасымалдау бағасы бәсекелестік ортада және көлік-логистика секторларының компаниялары қалыптастырады», - деді Көлік министрлігінен.