УЕФА Чемпиондар Лигасының 2023 жылғы финалы Ыстанбұлда өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
УЕФА Чемпиондар лигасының финалын 2021 жылы Ыстанбұлдан Портуға (Португалия) өткізу туралы шешімінен кейін Түркия футбол федерациясы (TFF) мен УЕФА арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша 2023 жылы Ыстанбұлдың Чемпиондар лигасының финалын қабылдайтыны белгілі болды.
Сондай-ақ осы жылдың тамыз айында Ыстанбұлда УЕФА суперкубогын өткізу туралы келісімге қол жеткізілгені айтылды.
Қаланың екі ірі іс-шараны өткізу туралы шешімі УЕФА директорлар кеңесінің алғашқы отырысынан кейін көпшілікке жарияланады деп күтілуде.
Тарихта екінші рет Ыстанбұл Чемпиондар лигасының финалын қабылдағалы отыр. Бірінші матч 2005 жылы өткен еді, онда пенальти сериясының нәтижесінде ағылшындық «Ливерпуль» италиялық «Миланды» жеңген болатын.