20 там, 2016 сағат 17:17

2017 жылы Зыряновскіде 8 шақырым су және жылумен жабдықтау жүйелері жаңартылады

-   Зыряновскіде бекітілген жоба аясында коммуникацияларды қайта жөндеудің екінші кезеңі басталды. Жұмысқа жоба бойынша республикалық бюджеттен 1,4 миллиард теңге бөлу көзделді. Олар моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында жүргізілуде.

Тозығы жеткен жылыту коммуникацияларын ауыстыру жұмысы  өткен жылы басталған. Ол кезде 400 метр құбыр жаңартылды. Биыл тағы 300 метр жөнделуде. Қазір ескі құбырлар жөнделіп, жаңасы орнатылуда. Жұмыс 20 қыркүйекте аяқталады, деді Зыряновск ауданы әкімінің орынбасары Асхат Бұқатов.

Орнатуға уақытты үнемдеуге заманауи технологияларды пайдаланудың септігі тиюде. «Біз дайын оқшауландырғыш қабықшамен пенополиуреатанды құбырлар орнатамыз, - деді «ВК ТЕХНОГРУПП» ЖШС жетекші инженері Мерей Сәбетов. - Дайындаушы зауыт 20 жылға кепілдік береді».

Зыряновтықтар жұмыс мерзімінде, яғни 2017 жылы  аяқталатынын мәлімдеді. Жылу желілерін жөндеу жылумен жабдықтау жүйесінің сапасын жақсартуға, желілердегі шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

ҚазАқпарат