Фото: pexels.com
"Алматы" телеарнасының хабарлауынша, мердігер мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы дау әлі шешілмеген, ал балалар COVID орталығында емделіп жатыр.
Ақпанда мәслихат бюджеттен қосымша 1,5 млрд теңге бөлуді мақұлдаған. 2020 жылы ғимараттың күрделі жөндеуіне 1 миллиард 200 миллион теңге бөлінген болатын.
Облыстық прокуратура ревизиялық комиссиямен бірге бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын тексерді.
"Медициналық ұйымның мердігерімен келісімшарттық міндеттемелер бұзылды. Қазіргі уақытта бұл үдеріспен толықтай Антикор айналысып жатыр. Сондай-ақ біз осы жоба бойынша орындалған жұмыстардың көлемін көрсететін сот-құрылыс сараптамасын күтіп отырмыз. Осыдан кейін жұмысты аяқтауға қатысты шаралар мен шешімдер қабылданатын болады", - деп мәлімдеді Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев.