02 ақп, 2018 сағат 09:31

Бүгін Қазақстанның кей өңірінде көктайғақ болады

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, төменнен соққан боран болады, солтүстік пен шығыста, оңтүстік-шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні - 24-29 м/с. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде көктайғақ, желдің екпіні - 15-20, ұйытқуы - 23 м/с. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, күндіз және таңертең желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облысында кей жерлерде тұман және көктайғақ, Маңғыстау облысында түнде бұрқасын - 15-20 м/с. Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде төменнен соққан боран, тұман. 

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, Қарағанды облысында күндіз желдің екпіні - 15-20 м/с. Шығыс Қазақстанда бұрқасын - 17-22 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.