Фото: ашық дереккөз
Жетісу облысы Алакөл ауданының Арқарлы ауылында электр желілерін салу және жаңғырту кезінде аудан әкімінің орынбасары орындалмаған жұмыстар бойынша актілерге қол қойған, деп хабарлайды Ult.kz.
Соның салдарынан бюджеттен 189 млн теңгеден астам қаражат заңсыз аударылған.
Прокуратура мәліметінше, сот айыпталушыға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан айырылды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
