Алматыдағы мейрамханаларда өзіне қазақ тіліне қызмет көрсетпегенін айтып шағымданған америкалық әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
"Осы аптада мен Алматыда болдым. Көп мейрамханалар мен кафелерге бардым. Және мен әр мейрамханада, әр кафеде тек қазақ тілінде сөйлеймін. Бірақ 18 мейрамхананың тек бесеуінде ғана менімен қақақ тілінде сөйлесті. Олар: Maharaja, Бөгенбай батырдағы Pastalavista, Достықтағы Atea, Del Capuchino және Capito. Басқалары мен қазақ тілінде сөйлессем де, олар орыс тілінде жауап берді және менің сөзімді арасында түсінбеді", - дейді америкалық әйел.
Ол қазақ тілін үш жыл бойы үйренгенін және Қазақстанда тұрып, мемлекеттік тілді үйрену қиынға соққанын айтып отыр.
"Қазақ тілін үйрену кезінде маған қатты еңбекқор болуға тура келді. Алматыда ешкім менімен қазақша сөйлеспейді. Астанада ондай емес. Астанадағы мейрамханаға барсам менің орысқа ұқсайтын түріме қарап, орысша сөйлей бастайды, бірақ мен қазақша жауап бергесін, олар да қазақ тілінде сөйлеседі. Бірақ Алматыда олай емес екенін көріп, таңқалдым. Себебі бұл мейрамханадардың барлығы танымал. Неге олар маған қазақша сөйлеуге мүмкіндік бермейді? Мысалы AUYL деген мейрамханада қазақша сөйлеуі керек сияқты, бірақ қазақша қызмет көрсетпейді", - деген америкалық ханым өзінің Қазақстанда тұрып, мемлекеттік тілді сөйлеу құқығынан айырылғанын әділетсіздік деп есептейді.