22 шіл, 2024 сағат 13:29

166,9 млн доллар: Қазақстаннан ең көп ақша қай елдерге аударылды


Фото: ашық дереккөзден

2024 жылғы мамырда Қазақстаннан шетелге 166,9 млн доллар аударылған. Бұл сәуір айымен салыстырғанда 12,1% көп. Сондай-ақ мамыр айында шетелден Қазақстанға жасалған аударымдар 46,6 млн долларды құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстаннан аударылған ақша көлемі бойынша мына елдер көш бастап тұр: 

Өзбекстан – $60,2 млн, 36,0%
Ресей - $46,2 млн, 27,7%
Түркия – $30,0 млн, 18,0%  
Грузия – $11,3 млн, 6,8%
Қырғызстан –$5,0 млн, 3,0%

Ал Қазақстанға шетелден 46,6 млн доллар аударылған: 

Ресей - $13,4 млн, 28,8% 
АҚШ - $5,9 млн, 12,6% 
Корея Республикасы - $5,5 млн, 11,8% 
Өзбекстан - $4,5 млн, 9,7% 
Түркия - $3,9 млн, 8,3%.

БҰҰ ақша аударымдары кәсіпкерлікті дамытып, қаржы қызметтеріне қолжетімділікті кеңейтуге ықпал ете алатын жергілікті инвестицияларға ықпал ететінін айтады.