15 қаз, 2025 сағат 12:12

16 қазанда телеарналар мен радиолар бір уақытқа өшіріледі

Фото: pexels

16 қазан күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілеріндегі техникалық құралдарға жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Осы уақыт аралығында Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады.

"Қазтелерадио" АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын тарату мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир жүйелеріндегі техникалық қызмет көрсету үшін жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыстар сапалы хабар тарату деңгейін сақтау үшін маңызды болып табылады. Сонымен қатар, осы кезеңде техникалық құралдарды жаңарту жұмыстары да атқарылады.