Танымал видеограф Қыран Талапбектің әйелі Гүлзада Тұрлаш отбасылық өміріне қатысты шындықты айтты. Ол күйеуінің қандай қасиетіне тамсанатыны жайлы Youtube желісіндегі Kyran Films арнасында баяндады.
Осыған дейін көпшілікке актриса ретінде танылған Гүлзада Тұрлаш күйеуінің тәуекелділігі жетістікке жетелегенін атап өтті. Әңгіме барысында ол жолдасының өзіне қойған талабын да атауды ұмытпады.
"Қыранмен танысқанда оның 132 млн теңге қарызы болды.Оның жабуға ақшасы да болған жоқ. Мұны айтуға бола ма, болмай, білмеймін. Жүріп жүрген кезде "Сен қалай ойланасың? Не істейміз? Қалай жабасың?" дедім. Қыран маған сонда "Менде қазір саған бүкіл қалағаныңды сыйлайтын ақша жоқ. Менде қарыз бар. Егер қасымда болып, бәріне шыдасаң, 1-2 жылда күшті өмір сүресің, қалаған затыңды аласың, қалаған жеріңе барасың. Шыдайсың ба?" деді. Мен келістім. Сол күнге жеттік. Қыран – тәуекелдің адамы. Ол жарты жыл бұрын жауып тастады. Қазір Қыранның тәуекел еткенінің арқасында жақсы үйде тұрамыз. Сондықтан тәуекел етуден қорықпаңыздар", - деді Гүлзада Тұрлаш.