26 шіл, 2024 сағат 12:27

11 жасар жеткіншек Олимпиадаға қатысып жатыр


Фото Global Look Press
Қытайлық саябақ скейтбордшысы Чжэн Хао Хао 11 жасында Париж Олимпиадасының ең жас қатысушысы және Олимпиада ойындарына қатысқан Қытайдың ең жас спортшысы атанып отыр, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Скейтбордшысы жеткіншек спортпен төрт жыл айналысыпты.
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы хуйчжоу тау бөктеріндегі қаласының тұрғыны екен. Бұл қала Гонконгтан бірнеше сағаттық қашықтықта орналасқан көрінеді.

Чжэн 7 жасқа толғанда оған скейтборд сыйылыққа келген. Сол уақыттан бері ол осы спорт түріне қызығып, айналымса бастаған.

Ол екі жылдан кейін Гуандун провинциясының командасына қабылданған. Оған дейін Азия ойындарының чемпионымен бірге жергілікті клубта жаттығып, оның табандылығы мен бәсекелестікке қабілетін жаттықтырушылар бірден байқаған.

2021 жылы Чжэн Қытайдың ұлттық ойындарына қатысқан ең жас спортшы болыпты. Ол 14-ші орынға ие болды.

2023 жылы жеткіншек спортшы әлемдік серияларда халықаралық жарыстарға қатыса бастады және ақырында Будапештте Парижге жолдама алып, 540 градустық флипті сәтті аяқтады — бұл жарыста ол алғаш рет орындауға тырысқан күрделі трюк болды.