14 шіл, 2025 сағат 10:45

11 шілдедегі Астана мен Алматыдағы валюта бағамы

Фото: egemen.kz
Қазақстанда валюта бағамы өзгерді: доллар 523 теңгеге дейін қымбаттады, деп хабарлайды Ult.kz.

Бүгін, 11 шілдеде, Ұлттық банктің ресми дерегіне сәйкес, 1 АҚШ долларының бағамы — 518,34 теңге болып белгіленді. Алайда, ақша айырбастау пункттерінде бұл көрсеткіш одан жоғары.

Алматыда долларды 519 теңгеден сатып алып, 521 теңгеден сатып жатыр. Ал Астанада сату бағамы — 523 теңге, сатып алу — 517 теңге.

Еуро бағамы да өзгеріссіз емес. Алматыда 607 теңгеден сатып алынып, 611 теңгеден сатылып жатыр. Астанада бұл көрсеткіш: сатып алу — 605 теңге, сату — 612 теңге.

Ресей рублі ел ішінде 6,55–6,70 теңге аралығында саудалануда. Ұлттық банктің ресми орташа бағамы — 6,66 теңге.