Фото: ашық дереккөз
2025 жылы Қазақстанның азаматтық авиациясының дамуы әуе паркінің жаңаруымен және маршруттық желінің белсенді кеңеюімен қатар жүрді. Жаңа Airbus A320 және Boeing 737 MAX 8-ді қосқанда әуе кемелері паркі 109 бірлікке жетті, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазақстан аптасына 626 рейс жиілігімен 135 халықаралық бағыт бойынша 30 елмен әуе қатынасын қалпына келтіріп, ашты. 2025 жылы Арқалық әуежайын қалпына келтіру басталды, Алматы әуежайын дамыту жоспарлары таныстырылды және «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да әуежай салу бойынша инвестициялық келісім жасалды.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы аудитінің қорытындысы бойынша халықаралық авиациялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ды құрады.
