Фото: Ашық дереккөзден
Қазгидрометтің болжамы бойынша 10 қазанда Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарының басым бөлігінде әзірге жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Ult.kz.
Астана қаласында күндiз ауа температурасы +13+15 °C көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы -1-3 °C шамасында. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы: түнде 2-7, күндіз 7-12м/с шамасында болады.
Алматыда күндiз, ауа температурасы +16+18 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +2+4 °C шамасында. Солтүстік-шығыстан ұйытқитын желдің жылдамдығы: 3-8м/с.
Семейде күндiз ауа температурасы +5+7 °C, түнде -1-3 °C көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды.
Қонаев қаласында күндiз ауа температурасы +16+18 °C көрсетсе, түнде +2+4 °C. Күн ашық, жауын-шашын болмайды.
Көкшетауда ауа температурасы күндiз +13+15 °C, ал түнде 0 °C болады деп болжануда. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10м/с.
Ақтөбе қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы күндiз +18+20 °C, ал түнда шамамен 0,+2 °C болады.
Атырау қаласында көшпелі бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +21 +23 °C шамасында, ал түнде жаңбыр күтілмейді, көшпелі бұлтты +8 +10 °C болады деп болжанып отыр.
Өскеменде ауа температурасы күндiз +5+7 °C, ал түнде -1-3 °C шамасында. Жаңбыр жаумайды деп күтілуде. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 2-7м/с.
Тараз қаласында күн жылы, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +16+18 °C шамасында, түнде +2+4 °C күтіледі.
Талдықорғанда да ауа температурасы күндіз +16+18 °C көрсетеді, ал түнде -4-6 °C салқын болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы
3-8м/с.
Оралда күндіз ауа температурасы +18+20 °C көрсетсе, түнде +2+4 °C дейні төмендейді.
Қарағанды қаласында да көшпелі бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +9+11 °C шамасында болса, түнде -2-4 °C көрсетеді.
Қостанайда күн ашық, күндіз ауа температурасы +15+17 °C, түнде шамамен +1+3 °C.
Қызылорда қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл күтілуде. Күндіз ауа температурасы +18+20 °C шамасында, ал түнде аздаған бұлтты, жауын-шашын болмайды, ауа температурасы шамамен +3+5 °C көрсетеді.
Ақтау қаласында күн ашық, жылы ауа температурасы күндіз +22+24 °C шамасында, түнде 12+14 °C. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде екпіні 15-18м/с болады.
Павлодар қаласында күн біршама салқын болады, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа температурасы күндіз +5+7 °C, ал түнде +0,+2 °C шамасында.
Петропавлда күндіз ауа температурасы +11+13 °C, ал түнде 0;+2 °C көрсетеді деп болжануда.
Түркістан қаласында күн ашық, күндіз ауа температурасы +23+25 °C көрсетеді деп болжанса, түнде +6+8 °C болуы ықтимал.
Шымкентте де күн жылы болмақ. Ауа температурасы күндіз +22+24 °C көрсетсе, түнде +6+8 °C шамасында.
Жезқазған қаласында күндіз ауа температурасы +15+17 °C, ал түнде +1+3 °C шамасында. Жауын-шашын болжанып отырған жоқ.
