Қайша Керей мысығына 150 мың теңге жұмсайтынын айтып, сынның астында қалды

Қайша Керей мысығына 150 мың теңге жұмсайтынын айтып, сынның астында қалды
Фото: ult.kz

Блогер, кәсіпкер Қайша Керей әлеуметтік желідегі парақшасында Коко атты мысығын көрсетті, деп хабарлайды ult.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында мысығы үшін ай сайын жұмсайтын шығын көлемін айтты.

“Мысығыма айына 150.000 тг жұмсаймын. Бала кезінде асырап алғам, 250.000тг -ге . Бауыр басып, отбасымыздың бір мүшесі болып кетті. Мен оныөз жауапкершілігіме алғандықтан ең жақсытамақтар, ойыншықтар алып беремін”, - деді ол. 

Желідегілердің пікірі екіге бөлінді. Бірі мысыққа жұмсалатын қаражатты көп санасы, бірі қалта көтерсе алып берген жөн екенін жазды.

"Мысықтың бақыты бес елі екен”, “Мысықты үйде ұстауға болмайды”, “Мысықты жақсы көру әркімнің қолынан келмейді”, “Бұл жануар кімнің жақсы көретінін біледі”, деп жазды желідегілер.