05 мам, 2017 сағат 11:22

Жылына 40 мың адам ғана 10 сотық жер ала алады - Қасымбек

Қазақстанда жылына 40 мың адам ғана 10 сотық жер ала алады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз мәслихатында еліміздің Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жекеменшік үйлер салынып жатыр. Жалпы, өткен аптада біз Алматы облысында болған едік. Ол жақта салынатын тұрғын үйлердің 80 пайызын 10 сотық жерге салынатын жекеменшік үйлер  құрайды. Бірақ, бүгінгі күні тізімде 10 сотық жер алғысы келетін адамдар өте көп. Сондықтан әкімшіліктермен 10 сотық жерді  инфрақұрылымы тартылған жағдайда ғана беру туралы келісімге келдік. Ал инфрақұрылым тартуға  бюджеттен қаржы қарастырып, бөліп отырмыз. Әрбір  облысқа 1,5  млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді. Тізімде адам көп. Бірақ 10 сотық жерді жылына 40 мың ғана адам ала алады», - деді Қасымбек БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар министр баспананы бастапқы жарнасыз несиеге алу тетігі Тұрғынүйжинақбанкінде қарастырылмағандығын атап өтті.

«Тұрғын үй Құрылыс Жинақ банкі арқылы баспанаға несие алу үшін алғашқы жарна болуы қажет», - деп атап өтті министр.