#
#
Дүйсенбі 24/02/2020

Жыл сайын елімізде 1 мыңға жуығы ата-ана құқығынан айырылады

  • 20.01.2020
  • 0
  • 251

ҚР ІІМ Ювеналдық полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасы басшысының орынбасары Вадим Яценко бала тәрбиесінде ата-ана міндетін орындамағандар туралы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полиция өтінішхаты бойынша соттар жыл сайын өздерінің балаларын тәрбиелеуге қатысты міндеттерін орындамағаны үшін бес мыңнан астам ата-ананы әкімшілік жауапқа тартады. Бір мыңға жуығы ата-ана құқығынан айырылады. Осы арқылы біз жасанды түрде елімізде әлеуметтік жетімдік деңгейін көтерудеміз», - деп тоқталды В. Яценко Парламент Мәжілісінде балалар құқығын қорғауға арналған отырыс барысында.

Осы орайда ол балада лайықты тәрбиенің болмауына және оларға қатысты зорлық-зомбылықтың орын алуына көбіне әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы отбасылық проблемалар себепші екенін атап өтті. Жұмыспен қамтудағы, тұрмыстық проблемаларды шешудегі, медициналық-психологиялық қолдаудағы кешенді көмекті уақытылы іске асыру - тәуекел тобындағы кәмелетке толмағандар мен қиын жағдайдағы отбасыларды тиімді оңалтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, В. Яценко балалардың проблемасымен айналысатын полиция мен басқа да ведомстволардың жауапкершілік аймағы бөлініп, жіктелгенін жеткізді. Психологиялық, медициналық, әлеуметтік көмек көрсету үшін есепке алудың жаңа жүйесін барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.

«Полицияның аумақтық органдары әкімдіктерге ведомстволық есепте тұрған кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылардың тізімін жіберді. Бүгінде полиция органдарында тұрмысы төмен 8 мыңнан астам отбасы, кәмелетке толмаған 6 мыңнан астамы профилактикалық есепте тұр», - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар