27 мам, 2019 сағат 10:12

Журналист Розлана Таукина өмірден өтті

Алматыда танымал журналист Розлана Таукина қайтыс болды. Бұл ақпаратты журналистің жақын достары, әріптестері хабарлады. Қоғам қайраткері, құқық қорғаушы 60 жаста болған.

Розлана Таукина 1959 жылы Оралда дүниеге келген. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Әр жылдары жергілікті және халықаралық ақпарат құралдарында қызмет атқарған. Қазақстандағы "СолДАТ", "Жұма-Таймс" сияқты бірқатар тәуелсіз басылымдарда тілші, "Общественная позиция" басылымының бас редакторы болып істеген. Халықаралық "Соғыс және бейбітшілікті баяндау институты", "Шекарасыз тілшілер", "Сорос-Қазақстан қоры" қоғамдық ұйымдарында жұмыс істеген. "Журналистер қауіп-қатерде" қорын басқарған.

Розлана Таукина 2016 жылы демократияның дамуы мен азаматтық қоғам құруға үлес қосып жүрген азаматтарға берілетін "Азаттық" сыйлығына ие болған.