15 қар, 2019 сағат 09:41

Жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу куәлігінің жаңа үлгісі бекітілді

«Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №874 бұйрығына өзгерістер енгізілді, – деп хабарлады Zakon.kz.

Жүргізуші куәлігінің үлгісі:

Беткі жағы

Сыртқы жағы

Жүргізуші куәлігінің интегралдық микросызбасы мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) жүргізуші куәлігі туралы:

сериясы мен нөмірі;

берілген күні;

жүргізуші куәлігін берген органның атауы;

2) жүргізуші туралы:

тегі, аты, әкесінің аты;

туған күні және жері;

тұрғылықты жері;

жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

жеке басты куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі және берілген күні;

фотосуреті;

3) көлік құралын басқаруға рұқсаты туралы:

рұқсат етілген санаттар;

жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы;

ерекше белгілер.

Ескертпе: Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарына жүргізуші куәліктері бланкілерінің серияларын белгілеу үшін латын транскрипциясындағы мынадай әріптік белгілеулер бекітіледі.

1. Нұр-Сұлтан қаласы Z

2. Алматы қаласы A

3. Ақмола облысы C

4. Ақтөбе облысы D

5. Алматы облысы B

6. Атырау облысы E

7. Батыс Қазақстан облысы L

8. Жамбыл облысы H

9. Қарағанды облысы M

10. Қостанай облысы P

11. Қызылорда облысы N

12. Маңғыстау облысы R

13. Түркістан облысы X

14. Павлодар облысы S

15. Солтүстік Қазақстан облысы T

16. Шығыс Қазақстан облысы F

17. Шымкент қаласы Y

18. Резерв G, Q, W

Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәліктің үлгілері:

Көлік құралын тіркеу куәлігінің интегралдық микросызбасы мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі;

2) куәліктің сериясы мен тіркеу нөмірі;

3) куәліктің берілген күні;

4) маркасы, моделі;

5) көлік құралының шыққан жылы;

6) санаты (басқару құқығы/көлік құралы);

7) есептен шығарылғаны туралы белгі;

8) сәйкестендіру нөмірі (VIN, шанақ, шасси);

9) жүктемесіз массасы kg.;

10) қозғалтқыштың көлемі, см. куб.;

11) рұқсат етілген max массасы, kg;

12) көлік құралының түсі;

13) көлік құралының иесі;

14) тұрғылықты жері;

15) ерекше белгілері;

16) бастапқы тіркелген күні;

17) көлік құралын қайта жабдықтау түрлері туралы мәліметтер;

18) жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі;

19) көлік құралын тіркеу органының атауы;

20) дайындаушы ел;

21) өзге де мәліметтер.

Қажеттілігіне қарай, жолдар өзгертілуі және қосылуы мүмкін.