27 қыр, 2019 сағат 06:25

Жүкембаев WBA мен IBF чемпионы атанды (Видео)

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізді.

Ол Монреалда (Канада) мексикалық Мигель Васкеспен (41-8, 15 КО) жұдырықтасты, деп хабарлады Sports.kz.

Жекпе-жекте екі чемпиондық белбеу – бос тұрған WBA Continental және IBF Inter-Continental бәске тігілді.

Жүкембаев төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетіп, екі белбеуді де иеленді. Жеңілмеген қазақстандық боксшының жекпе-жегін төменде көруге болады.

Батыр Жүкембаев үшін бұл кәсіби карьерасындағы он жетінші жеңіс болды, ал Мигель Васкес тоғызыншы рет жеңіліске ұшырады. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы үшін бұл үшінші титулдық жекпе-жек екенін айта кету керек.