09 жел, 2019 сағат 16:20

Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында ілбіс камераға ілікті

Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында ғалымдар ілбісті (қар барысы) фототұзаққа түсірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды

«Қазақстанда 130-150-ге жуық ілбіс (қар барысы) мекендейді.Ұлттық парктің мамандары жабайы жануарлардың саны мен қорғалуын бақылауды ескере отырып фототұзақтар орнатуда. Биыл Жоңғар-Алатау ұлттық саябағында ілбіс камера объективіне 5 рет ілікті. Соңғы кадрлар 2019 жылдың қарашасында түсірілген», - деді Сәкен Ділдахмет.

Оның айтуынша, бұл суреттердің бәрі жануарларды сақтауға бағытталған шаралардың нәтижесі.