#
#
Дүйсенбі 21/05/2018

Жомарт Ертаев өзіне қоқан-лоқы көрсетіліп жатқанын айтты

  • 14.05.2018
  • 0
  • 1622

Мәскеуде ұсталып, үй қамақта отырған қазақстандық танымал банкир Жомарт Ертаев сотта Қазақстандағы национал-патриоттардың оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқандарын айтты. Бұл жөнінде "Коммерсант" жазды.

"Олар Ресейді Қазақстанның телекоммуникациялық нарығынан ығыстырғысы келеді. Егер біз қазір ТНТ-ны жоғалтсақ, қазақстандықтардың келесі ұрпағы түрік сериалдарынан тәрбие алатын болады", - деп келтірді басылым оның сөзін.

Ертаевтың айтуынша, оның қылмыстық қудалануында "қаржылай мүддеден" гөрі саяси мүдде басымырақ.

"Жақында ФЖӨҚ қызметкерлері оның жүріп-тұруын бақылап отыру үшін оған электронды білезік тағады", - деп жазды газет.

Жомарт Ертаев кей жылдары Альянс-банк пен Еуразиялық банкті басқарды, Bank RBK мен Qazaq Banki директорлар кеңесінің кеңесшісі, сонымен қатар, "Алма ТВ" бас директоры болды.

Еске сала кетейік, 8 мамырда Мәскеу орталығындағы Москва-Сити бизнес-орталығының маңында арнайы жасақ сарбаздары қазақстандық банкир әрі кәсіпкер Жомарт Ертаевты ұстады. Кейін Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері қазақстандық банкир әрі кәсіпкер Жомарт Ертаевтың не себепті ұсталғанын айтты.

"Ол "Bank RBK" АҚ директорлар кеңесінің төрағасының кеңесшісі бола отырып, келісілген ЖШС-ларға 80 миллион доллар көлемінде банктік қарыз беруді лоббилеген, сондай-ақ, алған қаражаттарды алдағы уақытта қайтармау мақсатында әрекет еткен", - деп хабарлады министрлік өкілдері.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар