09 қыр, 2019 сағат 14:01

Жолаушыларды билетсіз тасымалдағандарға 13 млн теңге айыппұл салынды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті пойыздарға рейдтік тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл аумақтық көліктік бақылау органдары 534 жолаушы пойызын тексеріп, билетсіз жолаушылар, рәсімделмеген жүк, тасымал тәртіптерін бұзу фактілерін анықтады. Билетсіз жолаушы тасу мен талаптардың бұзылғаны үшін жалпы 13 млн теңге айыппұл салынды», - деді ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, Комитет 30 шілде мен 7 тамыз аралығында билет алыпсатарларын анықтау науқанын жүргізген.

«Акция аясында 148 заңбұзушылық анықталды, оның жетеуі - жол жүру билетін алып сатқандар, 141 - пойызға билетсіз мінгендер. Оларға 843 мың теңге айыппұл салынды», - деді Ж. Тайжанов.